Жол қауіпсіздігі басты назарда: Алматыдағы бір тәуліктегі нәтиже қандай

13.08.2026 09:36

Мегаполисте бір тәулікте 2,4 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Аlmaty.tv

Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте 2477 жол ережесін бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық прокуратурадан хабарлағандай, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 461 өрескел құқықбұзушылық тіркелген.

Анықталған деректердің ішінде:

  • көлікті мас күйінде басқару – 13 жағдай;
  • көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы – 3 жағдай;
  • маневр жасау ережелерін бұзу, оның ішінде қауіпті маневр («шашки») – 89 жағдай;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау – 185 жағдай;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу – 20 жағдай;
  • көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану – 148 жағдай.

Сонымен қатар 26 көлік арнайы тұраққа қойылды.

Алматы қаласының прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Оқи отырыңыз: 13 тамызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Толық көрсету