Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты концертке барды

22.10.2022 в 11:56

Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті. 

Концертте отандық танымал өнер жұлдыздары, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті.