25 қазанда – 25 игі іс: Еріктілер балаларды циркке тегін апарды

25.10.2022 в 17:53

Іс-шараға қалалық жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды

25 қазанда – 25 игі іс! Қалалық жастар саясаты басқармасы еріктілермен бірігіп «Жанашыр жүрек» акциясын ұйымдастырды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды циркке тегін апарып, көңілдерін сергітті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мектеп оқушылары акробаттардың қауіп пен қатерге толы трюктерін көріп, сиқыршылардың түрлі ғажайыпқа негізделген өнерін тамалашалады. Сондай-ақ күлдіргі сайқымазақтар балалармен ойын ойнап, көңілін аулады.

«Акция аясында тек балалар көңілді орындарға барып қана қоймай, дәрігерлермен ашық есік күнін де ұйымдастырдық. Мәселен өткен аптада ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушылары тіс дәрігерінің қабылдауында болып, мамандардың кеңесін алды. Қайырымдылық жұмыстар жалғаса береді», – деді «Qamqor charity» қоғамдық қорының жетекшісі Томирис Савит.