Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік отшашу болады

14.12.2021 в 16:44

Отшашу «Астана» алаңынан сағат 21.00-де басталады

Қала әкімдігі мерейтой күніне орай Алматыда 110-нан астам түрлі іс-шара өткізілетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мысалы, 15 желтоқсанда №1 Оқушылар үйінде «Жаса, қазақ елі» концерті өтеді, сол күні Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында мәдениет және өнер өкілдерінің қатысуымен «Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек» атты іс-шара ұйымдастырылады, сонымен қатар, Сайран көлінің жағасында жастардың қатысуымен эко-акция өтеді.

16 желтоқсанда «Тұран» университеті флешмоб ұйымдастырады, ал Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында «Абылай хан» операсының премьерасы көрсетіледі. Тәуелсіздік күні ҚР Ұлттық кітапханасында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты іс-шара өтеді.