Берікбай Нүсіпханұлы: «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» фильмі сол кездегі оқиғаны дәл суреттеп берді

12.12.2021 в 11:44

«Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильм сол кездегі оқиғаны дәл суреттеп берді. Бұл туралы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Берікбай Нүсіпханұлы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгінгі фильм көңілімнен шықты. Бұл фильм сол кездегі оқиғаны дәл суреттеп берді. «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильмді көріп отырып көзіме жас келді. Ол кезде біз 21-22 жастағы студенттер едік. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты әкімшілік тарапынан көптеген шара өткізіліп жатыр. Бәріне алғысымыз шексіз!», – дейді Желтоқсан оқиғасына қатысушы Берікбай Нүсіпханұлы.