«Қар ериді». Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

14.12.2018 в 09:30

Қазгидроме республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

Дабылды ескерту Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жарияланды.

«Алдағы демалыс және мейрам күндері еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батысындағы өзендерде сең жүріп, өзен арнасының тарылуынан су деңгейі көтерілуі мүмкін», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, еліміздің шығыс және оңтүстік-шығысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты жазық жерде қар еруі мүмкін.

Бұдан бөлек, 14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласында кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с  болады.

Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ  болады, тұман түседі, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.