Қорытынды жаңалықтар (02.07.2018) видео

02.07.2018 в 20:30

Жаңалықтардан көретіндеріңіз:

Қазақстанның қасиетті жерлері: Қостанай облысында марқұмдарды жерлемейтін мавзолей бар

Алматы қаласы Астананың 20-жылдық мерейтойына ерекше тарту жасады. Бүгін,  240 балаға арналған «Алматы» балабақшасы ашылды. Он екі топты емін-еркін сыйдыратын нысанда кішкентайлардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған музыкалық зал, ойын алаңдары бар. Барлығы қазақы нақышта көркемделген.

Астанада «Ұлттық домбыра күні» алғаш аталып өтті

Астанада Ұлттық Домбыра күні аталып өтті. Елбасы Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісіне белгіленген қазақтың басты аспап мерекесін Президент өзі бастап берді.