Оңтүстіктің азаматтары Қостанайға жаппай көшіп жатыр

02.03.2018 в 02:42

Оңтүстіктің азаматтары Қостанайға жаппай көшіп жатыр. Былтырдың өзінде астықты аймаққа шалғайдан 30 отбасы көшіп келіпті. Сонымен қатар, 334 оралман қоныс аударған. Олардың барлығына Үкімет субсидияланып, кеткен шығындары мен коммуналдық төлемдері төленген. Аталған қажеттіліктерге 50 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Бұл жұмыстар «Нәтижелі жұмыспен қамту және  кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаласы» аясында жүзеге асып отыр. Айта кету керек, аталған бағдарлама бойынша облысқа 6 жарым млрд теңге бөлінген. Ол жергілікті халыққа несие ретінде беріледі.

«Қазір қостанайлық делегация Маңғыстау облысындағы бос орындар жәрмеңкесіне қатысуда. Сонымен қатар, наурыз-сәуір айларында басқа облыстарда өтетін жәрмеңкелерге қатысып, Қостанайға келуге қызығушылық танытқан мамандарды іздейміз. Биыл облыс бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларына 1 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған», - деді Қостанай облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнәр ӘБЕНОВА.