Алматыда әйел адам жұмбақ жағдайда көліктен құлап қаза тапты

29.08.2018 в 15:17

Алматыда сәрсенбіге қараған түні Саин көшесінде жол апатынан 39 жастағы әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап .

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Nissan Murano Саин көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатады, кенет неге екені белгісіз 1979 жылы туған әйел адам көліктен әдейі секіріп кеткен немесе құлап қалған. Ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Көлік оқиға орнынан қашып кеткен жоқ.