Қазақстанда мемлекеттік сатып алу айқын жүзеге асатын болды

18.08.2017 в 12:23

Қазақстанда мемлекеттік сатып алу енді айқын жүзеге асатын болды. Осыған дейін аталмыш сауда аудиторлар мен компаниялар арасында өзара келісіліп жасалған. Енді қаржы министрлігі ортақ ереже орнатпақшы. Сонымен қатар, арнайы сайт ашылады. Онда барлық жасалған саудалар айқын көрініп тұрады.  

«Мемлекеттік сатып алулар елдің экономикасына үлкен әсер тигізеді. Сондықтан біз оны барынша айқын еткіміз  келді. Яғни, барлығы автоматты түрде жасалады. Мәселен, бір компания мемлекеттік сатып алу жасағысы келсе, сайтқа кіріп, өзіне керекті мәліметтерді енгізеді. Сөйтіп, арадағы делдалдарды құртамыз», - деді Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі Руслан БЕКЕТАЕВ.