|
24.11.2017 | 16:50
7210

Қазақстандық өнертапқыштар электронды кітап құрастырды

Қазақстандық өнертапқыштар электронды кітап құрастырды. Аталған жабдық планшет іспеттес. Ішінде 40 мыңнан астам жаттығулар мен тесттік тапсырмалар бар. Жобаны іске асыруға «Атамекен ұлттық палатасы» мұрындық болған көрінеді.

Отандық жас өнертапқыштар қазір «смарт кітаптың» мүмкіндіктерін бағамдап көруде. Ішіндегі жаттығуларды толықтырып, тесттік тапсырмаларды, логикалық сұрақтарды оқушыға ыңғайлы етіп жетілдіреміз, - дейді. Содан кейін ғана мектептерге жібермек. Мұндай гаджетті құрастыруға мемлекет грант бөлмегенде, қағаз жүзінде қала беретін еді, - дейді Санжар Кенжеханұлы. Дәл осы жобаны іске асыруға «Атамекен палатасы» 200 миллион тенге бөлген.  

«Біз қазір бірнеше мектептерден алдын ала тапсырыс алып қойдық. Жоба толық дайын болғанда, планшеттерді жөнелтеміз. Менің ойымша, Қазақстандағы білім ошақтары жыл сайын керек емес техникаларды сатып ала бергенше, осындай жабдықты пайдаланған дұрыс. Жалпы, мұндай жобаны іске асыру үшін компания жарты қаражатты өзі табады. Қалғаны, грант бойынша бөлінеді. Сондай-ақ біз «электрондық білім» саласында жұмыс істеп келе жатқан шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасамыз», - деді кәсіпкер Санжар КЕНЖЕХАНҰЛЫ.

Сондай-ақ IT саласында жетістікке жетем дегендерге гранттардан бөлек, субсидия және несие де беріледі. Тек пайдасы бар жобаңызды ұсынсаңыз болғаны. Кәсіпкерлер палатасына келіп түскен  мың жарым өтініштің 30-ы ғана технологиялық жоба екен.

«Өнертапқыштар кәсіпкерлер палатасынан көмек алу үшін алдымен олар бизнес жоспарларын көрсетулері шарт. Егер жоба шыныменде пайдалы болса, оны халық қолданатын болса біз қол ұшын береміз», - деді  Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының маманы Мәлік МҰСАБЕКОВ.

Смарт кітапқа қазірдің өзінде мұғалімдер мен ата-аналар тарыпынан қызығушылық артқан. Өнертапқыштар мұндай жаңашылдық білім ордаларында жоғары сұранысқа ие болады дегенге сенеді.

Өмір Әнуарбек, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир