Almaty Dream Party: «Алматы» телеарнасының ұйымдастырумен балалар күніне орай концерт өтеді

31.05.2022 в 17:25

Мерекелік іс-шара Көктөбеде сағат 19-00-де басталады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы» телеарнасының ұйымдастырумен Almaty Dream Party атты концерт өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Мерекелік іс-шара Көктөбеде сағат 19.00-де басталады.

Концертке эстрада жұлдыздарының қатысады.

Атап айтқанда: Мұхтар Ханзада, Мәди Рымбаев, Салтанат Құдайберген, Самат Жанғазин, IMZ1, AZEEX, A’RON, BLACK JACK, Ерлан Али, Мадина Келгенбай. Сондай-ақ халықаралық «Бозторғай» фестивалінің лауреаттары өнер көрсетеді.

Қаланың ең көрікті жері «Көктөбеде» кездесеміз!