Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25.10.2023 в 11:25

Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

Оқи отырыңыз: Бүгін ұлттық мереке – Республика күні