Дулат Исабеков мектеп оқушыларымен кездесті

24.10.2023 в 15:27

Рухани іс-шара Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр

Алматыда жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек ері Дулат Исабеков мектеп оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуда қаламгер оқырман арасында кеңінен танымал шығармаларының жазылу тарихы мен мазмұны жайында кеңінен әңгімеледі. Өміріндегі айтулы оқиға мен қызықты жайттарды баяндап, оқушылардың сұрағына жауап берді. Рухани іс-шара Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

– Тәуелсіздікті мемлекеттердің бәрі ала беруі мүмкін. Бірақ ол баянды бола ма, белгісіз. Республика күнінің мәні де, маңызы да зор. Бұл – әлемге танылған мемлекеттердің ғана тойы, – деді жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек ері Дулат Исабеков.

– Кездесуді ұйымдастырудағы мақсат – балаларды шығармашылыққа баулу. Олардың бойына рухани құндылықты сіңдіру. Лицейде оқушылар математикалық бағытта білім алады. Халықаралық, республикалық жарыстарда жүлдегерлер дайындаймыз, – деді Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Ақмырзаева.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады