Дәстүрлі педагогиканы ІТ әдісімен ұштастырған жас маман қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

21.10.2023 в 16:36

Балаларға математиканы 100% меңгерткім келді

 ІТ, педагогика және математика үштігін үйлестіре білген жас маман: " Замынан қарай  амалдау қажет, елдің білім мен ғылым саласы дамуын тоқтатқан сәттен, өзгелерге отар боламыз", деген пікірімен бөлісті деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

 - Балаларға математиканы 100% меңгерткім келді. Соған байланысты дәстүрлі тәсілдің ешқайсысы уақытылы жұмыс істемеді. Яғни математиканы 100%  меңгертіп шығу мүмкін болмады. Дәстүрлі тәсілдердің барлығын қолданып көрдік. Одан кейін ІТ, педагогика және математика үштігін құрып, өзара үйлестірдік. Нәтижесінде ғаламторда порталды іске қостық. Тәуелсіздік туралы айтатын болсақ, тәуелді болғанымызды мойындау керекпіз. Тәуелді болғанды мойындасақ, не үшін тәуелді болдық ? соған баға беру керекпіз. Білім мен ғылым тоқтаған кезде ұлт ретінде тоқырауға ұшырап, өзгелерге отар боламыз, - деді математика пәнінің мұғалімі Асқар Болат.

Оқи отырыңыз: Сәуле Жанпейісова: Мемлекет-шаңырақ десек, әрқайсымыз оның уығы болуға тиіспіз