Рухия Байдүкенова: Ізденген, еңбектенген, сенімін жоғалтпаған жанға жұмыс табылады

18.02.2022 в 17:41

Мемлекеттімізді нығайтуға үлес қосумыз керек

«Славян базары» байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатына орай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берген қазақ тіліндегі сұхбатын көрдім, тыңдадым. Философиялық ойы, түбінде мән-мағынасы бар тақырыптар қозғалды. Жалпы, әр нәрсені адам өзінен бастау керек деп ойлаймын. Қазақта «Еңбек түбі - береке» деген мақал бар. Қазіргі заманда «өсемін, еңбек етемін, іспен айналысамын» дейтін адамға барлық есік ашық, ешкім кедергі емес. Ізденген, еңбектенген, сенімін жоғалтпаған жанға жұмыс табылады», - деді әнші. 

Рухия Байдүкенова Мемлекет басшысының еңбекқорлық, біліктілік идеологиясында кемшілік жіберіп алғанымызды жасырмай ашық айтқандығына назар аудартты. Сонымен қатар азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды ең басты орынға қоюы қажеттігін атап өткендігін айтты. 

«Өнер саласында жүргендіктен мен үшін бұл өте маңызды. Соңымыздан ерген іні-қарындастарымызға, өскелең ұрпаққа бабаларымыздан берілген тектілікті қалдыруымыз керек. Тектілік сөзінің астарында үлкен мағына жатыр. Біз - ар-намысы таза, адал еңбекпен жетістікке жеткен, жүрегінде иманы бар текті халықпыз. Дәл қазіргі уақытта бар күшіміз бен ақыл-ойымызды бір арнаға тоғыстырып, рухымызды көтеріп, еңбек етіп, қуатты мемлекеттімізді нығайтуға үлес қосумыз керек. Мемлекет өзімізден, отбасымыздан басталатынын ұмытпайық», - деді ол.