Алматыдағы КВН қазақстандық филиалы Президент бастамаларын қолдайды

18.03.2022 в 20:10

Оңдасын Құлымбетов 15 мыңнан астам студент жиналған іс-шараға қатысты

Алматыда патриоттық және белсенді жастардың басын қосқан «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шығармашыл жастар өкілі Оңдасын Құлымбетов Алматының 15 мыңнан астам студенті жинаған осы үлкен іс-шараға қатысты.

Фестиваль қонағы неліктен Жаңа Қазақстанның болашағы зор деп санайтынын айтты.

«Мен Президент Жолдауын мұқият тыңдадым, үш жаңа облыстың пайда болғанына өте қуаныштымын, бұл өңірлердің одан әрі дамуына, олардың өркендеуіне ықпал етеді. Жаңа Қазақстанды бір-екі қазақстандық емес, барлығы бірдей құру керек. Бұл біздің ортақ мақсатымыз болуы тиіс. Мен барлығын кішіден үлкенге дейін Жаңа Қазақстанға шақырамын. Тек оң жағдайда өмір сүрейік!», - деді Оңдасын Құлымбетов.

Үлкен сахнадан ол жастарды Қазақстанның туын көтеруге шақырып, алматылық студенттер қашанда алда екенін атап өтті.