Халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

18.02.2022 в 13:55

Президент қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің құпия жүргізіліп жатқанын атап өтті

«Көп ұзамай халқымызды мазалап отырған сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі. Халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз». «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

«Қазір өте ауқымды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бас прокуратура нақты ақпаратты жүйелі түрде жариялап жатыр. Қандай да нәтиже туралы айтуға әлі ерте. Бұл – өте күрделі мәселе. Қазір тергеу құпия түрде жүргізіліп жатыр. Өйткені, бұл өте ерекше іс болғандықтан біраз уақыт керек. Көп ұзамай халқымызды мазалап отырған сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі. Бәрі де айтылады. Халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз. Қазір тек мына нәрсені ғана айта аламын. Бұл біздің халқымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің тұтастығына төнген қауіп болды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.