Алматыда 10 см қар жауды

02.02.2024 в 07:31

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауғанға дейін негізгі негізгі көшелер сұйық реагенттермен өңделді

Алматыда 1 ақпан сағат 22:30-дан басталған қар түске дейін жауады деп болжанып отыр. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша ақ ұлпа 10 см-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түнгі уақытта 426 бірлік арнайы техника мен 278 жұмысшы жұмылдырылды.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауғанға дейін негізгі негізгі көшелер сұйық реагенттермен өңделді.

Сағат 04:00-тен бастап 166 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себіле бастады. Сағат 07:00-ге келсек, 520 тонна КҚМ қолданылады.

Сағат 05:00-тен бастап 149 шағын  көлемді тротуар тазалағыш техниканың көмегімен тротуарлар мен қоғамдық орындарда қар күреліп жатыр.

Жол патрульдік полиция көліктерінің жол бастап жүруімен сағат 06:00-дан бастап 14 колонна көлік қар күреп жүр.

Қала көшелерінен 44 қар тиегіш пен 73 өзі түсіргіш жүк көлігімен қар шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Түнгі уақытта 3,8 мың м3 қар шығарылды (жалпы қыста 198 мың м3).

Сағат 08:00-ден бастап 452 бірлік арнайы техника, оның ішінде 174 шағын көлемді техника мен 1183 жұмысшы қар күреуге жұмылдырылады.

Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.