Алматыдағы тағы бір бағытта жаңа автобустар жолға шықты

24.01.2024 в 09:06

Бұл жүйелілікті қамтамасыз етіп, жоспарланған жиілікті 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқартады

Алматыда бүгіннен бастап №92 маршруттағы жылжымалы құрам толығымен жаңартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мамыр-1 – Әлмерек» шағынауданына қатынайтын маршрутқа жоспарлы түрде 22 бірлік автобус шығады. Алайда қоғамдық көліктер көбінесе техникалық себептерге байланысты желіден шығып, қозғалыс жиілігі алшақтап кетеді.

Осыған орай, Қалалық мобилділік басқармасы автобус санын 25 бірлікке дейін арттырып, жылжымалы құрамды жаңарту туралы шешім қабылдады.  Бұл жүйелілікті қамтамасыз етіп, жоспарланған жиілікті 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқартады.

Golden Dragon маркалы газбен жүретін он екі метрлік жаңа төмен еденді автобустар заманауи құрылғылармен, соның ішінде кондиционермен, бейнебақылау жүйесімен және т.б жабдықталған. Автобустың жалпы сыйымдылығы- 113 адам, оның 28-і - орындық.

Бұл ретте, ескі автобустар парктің резервтік құрамына енгізіледі.

Айта кету керек, былтырғы қорытынды бойынша Алматыда 22 жаңа бағыт және 50-ге жуық елдімекенді қамтитын 10 қала маңына қатынайтын бағыт ұйымдастырылды. Әрі 364 бірлік автобус есебінен 24 маршрутта жылжымалы құрам жаңартылды.