Қала әкімі Бостандық ауданы тұрғындарымен кездеседі

09.02.2023 в 04:50

Кездесу уақыты сағат 9:00

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv. 

2023 жылдың 9 ақпанында сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі Алмагүл шағынауданы, 42 мекенжайындағы №125 жалпы білім беретін мектепте өтеді.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Бостандық әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.