Наурызбай ауданында бұрын-соңды болмаған арық жүйесі салынып жатыр

17.10.2023 в 09:14

Бұл жұмысқа төрт бригада жұмылдырылды

Қазіргі кезде Алматы қаласы Наурызбай ауданының 5 көшесінде бұрын-соңды болмаған арық желісінің құрылысы қолға алынған. Бұған аудан тұрғындары өтінім берген, сонымен қатар үнемі су басатын аумақтарға мониторинг жүргізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Желілердің жалпы ұзындығы - 5 км. Бұл жұмысқа төрт бригада жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары Береке, Ерубаев, Арал, Надыров көшелерінде, сонымен бірге «Alma Сity» ТҮК Е4 бөлігінде жүргізіліп жатыр. Ал Құлыбеков пен Сабденов көшелерінде арықтар қайта жаңартылып отыр. Бұл көшелердегі жұмыс қазірдің өзінде белсенді түрде жүзеге асырылып келеді.

Ұзақмерзімді болашақта Наурызбай ауданының тағы 10 көшесінде арық желісінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарға енген. Бұл жұмыстар 2023 жылға дейін бітеді. Құрылысты аяқтау жоспарланған аумақтардың ішінде Ақанов, Бекешев және Карьерная көшелерін атауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 10 қазанынан бастап Алматы әкімдігінің қалада түрлі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде нөсер кәрізін жабдықтау қажеттілігі туралы қаулысы күшіне енді. Оған сәйкес көше-жол желісін салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде инженерлік коммуникацияларды салудан, реконструкциялаудан және жөндеуден кейін қалпына келтіру жұмыстары кезінде нөсер кәрізін жайластыру көзделеді.