Алматыда 1050 жас отбасы баспаналы болды

24.12.2021 в 09:19

Үйлер «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген

Алматыда Жаңа жыл қарсаңында 1050 жас отбасы баспаналы болды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істейтін 1050 жас алматылық баспаналы болды. Үйлер «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша бой көтерді. 441 пәтер «Бақытты Отбасы» мен «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша көпбалалы, толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар арасында жеңілдетілген несие беру шартымен берілді.

Баспана иелерін құттықтап, жаңа қоныс шаттық пен жайлылыққа толсын деп тілейміз!» – деп жазды қала әкімі.