Алматы зообағына ақ аю әкелінді

02.06.2023 в 09:34

Ол 6 жаста

Алматы зообағына Мәскеу хайуанаттар бағынан Пурга есімді ақ аю жеткізілді. Ол 6 жаста, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зообақ баспасөз қызметінің мәліметінше, аюды Алматыға әкелмес бұрын үлкен дайындық жұмыстары жүргізілген. Арнайы қоршау жасалып, бассейн салынды. ЕАРАЗА комиссиясының келісімі алынды.

«Бізге келгеннен кейін ақ аю карантинде болды. Бұл талап зообақтарға әкелінетін, басқа жаққа берілетін барлық жануарға қатысты. Енді карантин аяқталып, біздің келушілеріміз зообағымыздың жаңа тұрғыны – Пурганы көре алады. Оның орналасқан вольері кең, ауласында екі бассейні бар. Үйшігінің ішінде ауаны салқындатып тұратын арнайы желдеткіш орнатылған және суық еден жасалған»,- деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі.

Ол сиыр, тауық етімен, түрлі балықтармен, алма, алмұрт, салат жапырағы, балмен қоректенеді.