Әуезов ауданында жол инфрақұрылым сапасы қалай дамып жатыр

13.04.2023 в 09:37

Қалалық мобилділік басқармасы орташа жөндеуге конкурс жариялау үшін құжаттар дайындауда

Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр. Кездесу барысында аудандағы жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, аудандағы жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту мақсатында шұңқырларды жауып, жолдарды орташа жөндеу жұмысын жалғастырады. 

"Биылғы жылға жалпы ұзындығы 12,8 км болатын 14 көше мен өтпе жолдарды орташа жөндеу жоспарланған. Жұмыстар мамыр айында басталып, қараша айында аяқталады", – деді қала әкімі.

Анықтама үшін: 2023 жылы Қалалық мобилділік басқармасы қаланың 220 көшесінде ұзындығы 200 км жол жабынын орташа жөндеуді жоспарлаған. Қазіргі уақытта ведомстволық сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жоба ведомстволық сараптама порталына жүктелді. Барлығы 26 жоба, оның 12-нің оң қорытындысы шықты, 4-і Автомобиль жолдары комитетінде, 4-і Астана сарапшыларында, 3-і Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы филиалында, 3-і пысықталуда. Әуезов ауданы бойынша оң қорытынды алынды. Қалалық мобилділік басқармасы орташа жөндеуге конкурс жариялау үшін құжаттар дайындауда. Әуезов ауданы бойынша орташа жөндеу жұмыстарының басталуының болжамды мерзімі биылғы мамыр айының соңына жоспарлануда.

Сондай ақ децентрализация шеңберінде биылғы жылдан бастап жолдарды осы жылғы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізетін болады. Әуезов ауданы бойынша сомасы 250 млн теңгеге жалпы ауданы 23 мың м2 жөндеу жоспарланған.

Жұбанов көшесін (Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін) ұзартуға жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. Сатып алуға жататын 307 учаске анықталды (2023 жылға арналған сатып алу жоспары – 50 учаске). Бүгінде мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде (аяқталу мерзімі – ағымдағы жылдың мамыр айы).

Бұл көлік жүктемесін айтарлықтай төмендетуге және қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Жыл басында аудандағы үнемі су басатын

"7 учаскеден тек 2 мәселе тудырған учаске (Абай даңғылы, Момышұлы көшесінің бойы) қалды. Осы жылдың наурыз айында біз осы учаскелерді жойып, осылайша Әуезов ауданының магистралды көшелеріндегі су басу проблемасын шештік",  – деді Ерболат Досаев.