Бақытжан Сағынтаев мұсылман қауымды Ораза айт мерекесімен құттықтады

13.05.2021 в 09:38

Бұл күндер рухани тазарып, жақынына қамқор болып, ізгі амал жасау арқылы қайырымды қоғам құру ұмтылысының бір белгісі

Алматы қаласының әкімі алматылықтарды және барша мұсылман қауымды Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының бітуі — Ораза айтпен құттықтаймын! Бұл күндер рухани тазарып, жақынына қамқор болып, ізгі амал жасау арқылы қайырымды қоғам құру ұмтылысының бір белгісі. Ораза айт қабыл болсын!»– деді әкім.

Барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының бітуі — Ораза айтпен құттықтаймын! Бұл күндер рухани тазарып, жақынына қамқор болып, ізгі амал жасау арқылы қайырымды қоғам құру ұмтылысының бір белгісі. Ораза айт қабыл болсын!

— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) May 13, 2021