Алматыда 47 км жаңа сумен қамту және су бұру желілері пайдалануға берілді

24.02.2023 в 09:39

Олар 2019 жылы реконструкциядан өткен болатын

Жетісу ауданындағы ең өзекті мәселе инженерлік желілерді жаңғырту. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Былтыр шешілген мәселенің бірі – «Рабочий» ауылында 22 көшедегі 47 км астам сумен қамту және су бұру желілері «Алматы Су» КМК балансына берілді», – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Олар 2019 жылы реконструкциядан өткен болатын. Бірақ мердігердің анықталған ақауларды жоюы қажет болғандықтан, балансқа беру бірнеше жылға созылды. Бүгінде 2 500 абонентті жаңа желілерге қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, 2022 жылы 14,5 км сумен қамту және су бұру желісі жаңарады.