Алатау ауданындағы көшелерді жөндеуге 250 млн теңге бөлінеді

27.04.2023 в 09:48

Жөндеу жұмысы ауданның 60 көшесін қамтиды

Алматы қаласының Алатау ауданындағы көшелерді жөндеуге 250 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының Алатау ауданының барлық шағынауданында 60 көшені қамтитын 23 мың м2 жолды жөндеу жоспарлануда. Қала әкімінің айтуынша, 2023 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 250 млн теңге бөлінген. Жұмысты қараша айына аяқтау жоспарланған.

"Осылайша жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізетін болады", - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, қалалық мобильділік басқармасы мамыр айында ұзындығы 60 км 79 көшені қамтитын 12 шағынауданда орташа жөндеуді бастауды жоспарлап отыр, жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың қараша айына жоспарланған.