Бостандық ауданындағы су құбырында орын алған апат саласын жою жөніндегі жұмыс аяқталды

15.01.2023 в 10:05

Бостандық және Алмалы аудандарының бір бөлігінде уақытша су сапасы төмендеуі мүмкін

"Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының аппаттық қызметтерімен Бостандық ауданындағы су құбырында орын алған апат саласын жою жөніндегі жұмыс аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  "Алматы су" МКК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су құбырының апаттық жарылуы себебінен тоқтатылған суық сумен  жабдықтау осы тәуліктің 00:00 сағатына дейін толық көлемде қалпына келтірілген.

21:30-дан бастап су құбыры желілеріне су жіберу  басталған.

Бостандық және Алмалы аудандарының бір бөлігінде уақытша су сапасы төмендеуі мүмкін.

Коммуналдық кәсіпорын тұрғындардан, су толық тазарғанға дейін, кір жуғыш машиналар мен ыдыс жуғыш машиналарды уақытша пайдаланбай тұруды сұрайды. Апаттық қызметтермен инженерлік желілерді жуу жұмыстары жүргізілетін болады.

4 метр тереңдікте апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде ұзындығы 8 м Д=600 мм құбырдың толық тозған сегменті ауыстырылды.

Жұмысқа 12 бірлік арнайы техника және "Алматы Су" МКК 31 қызметкері жұмылдырылды.

Қаланың жол қызметтері судың ағуы нәтижесінде пайда болған жолдар мен тротуарлардағы мұзды жою жұмыстарын орындады.

Мыңбаев көшесі бойымен тартылған магистральдық су құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген және қаланың сумен жабдықтау жүйесінде 50 жылдан астам уақыт қолданылған құбырдың әбден тозығы жеткен. Алдағы жылдары осы құбырды бүкіл ұзындығы бойынша кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарлануда.

Алматы қаласының қолданыстағы инженерлік инфрақұрылымы желілердің де, объектілердің жабдықтарының да айтарлықтай тозуымен сипатталады. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3528 км құрайды, оның ішінде 1941,2 км желі ауыстыруды қажет етеді (жалпы ұзындығының 55,8%).