Алматының коммуналдық қызметі тәулік бойы қар шығарады

31.01.2024 в 10:12

Таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қар сыпырылып, шығарылды

Алматы қаласында 30 қаңтарда сағат 20:00-ден бастап аздаған қар жауа бастады. Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша қалада 3 см, таулы жерде 5 см қар түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жолдың таулы және қауіпті аумағы сұйық реагенттермен профилактикалық өңделді, бұған 110 тонна реагент пайдаланылды.

Көктайғақтың алдын алу үшін 168 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 1290 тонна КҚМ пайдаланылды.

Таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қар сыпырылып, шығарылды. Сағат 20:00-ден бастап 4850 м3 қар шығарылды, бұл 485 өзі түсіргіш жүк көлігіне тең (қазіргі қысқы кезеңде барлығы 188 000 м3 қар немесе 18 800 өзі түсіргіш жүк көлігіндей қар шығарылды).

Түнгі уақытта 416 бірлік арнайы техника мен 268 жұмысшы жұмылдырылды. Сағат 08:00-ден бастап 436 бірлік техника мен 1125 жұмысшы қар күреуге шыққан.

154 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарлар мен жалпы пайдаланылатын орындар механикаландырылған түрде тазаланып, қоғамдық көлік аялдамалары мен жерүсті өткелдерінде қар қолмен күрелді. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.