Әуезов ауданында 7 автобустың бағыты ұзартылды

14.09.2023 в 10:18

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты

Алматының Әуезов ауданында тұрғындардың өтініші бойынша 7 автобустың бағыты ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл басынан бері Әуезов ауданының 17 бағытында 219 автобус жаңартылды.

"Әуезов ауданы тұрғындарының көптеген өтініші бойынша №55 маршрут "Сары-Арқа" метро станциясына дейін, №142 маршрут "Б. Момышұлы" метро станциясына дейін (ЖЭО-2 - ден), №53 Абай - Б. Момышұлына дейін, №78, 110, 226 "Б. Момышұлы" станциясына дейін және №132 "Сайран" станциясына дейін ұзартылды", - деді қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде.