Түрксіб ауданында ірі су құбыры бойында орын алған апатты жою жұмысы жалғасуда

23.04.2023 в 10:21

Апаттық жағдайды жою жұмысына 16 техника жұмылдырылды

Түрксіб ауданында ірі су құбыры бойында орын алған апатты жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Автокөліктер жүретін Рысқұлов даңғылының жүру бөлігінің Герцен көшесімен қиылысу аумағындағы екі жолағы қозғалыстың батыс жағына қарай уақытша жабылды.

Осыған байланысты, төменде көрсетілген көшелер контурында орналасқан әкімшілік ғимараттар мен үй құрылыстарына су беру уақытша тоқтатылады:

- Сүйінбай-Баянауыл-Шемякин-Хмельницкий;

- Рысқұлов-Парковая-Құлыншақ-Баишев;

- Айша бибі, Атырау, Шуақты шағынаудандары.

Аталған мекенжайлар мен шағынаудандарға автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады.

Қаланың басқа аудандарында суды өшіру жоспарланбаған

"Алматы Су" МКК апаттық бригадалары Герцен көшесі бойымен тартылған Д=500 мм магистральдық су құбырында қалпына келтіру жұмыстарын орындауда. Апаттық жағдайды жою жұмысына 16 техника жұмылдырылды.

Герцен көшесі бойымен өтетін магистральдық су құбыры 1962 жылы пайдалануға берілген.

"Алматы қаласының қолданыстағы инженерлік инфрақұрылымының желілері ғана емес,сонымен қатар объектілер жабдықтарының да айтарлықтай тозығы жеткен. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3528 км құрайды, оның ішінде 1941,2 км желі ауыстыруды қажет етеді (Жалпы ұзындығының 55,8 пайызы).иКелтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!", - делінген хабарламада.