Алматыда тозған жылу желілері қайта жаңартылып жатыр

07.09.2023 в 10:27

Жөндеу жұмыстары Жетісу ауданы бойынша жүргізілуде

Алматы қаласының Жетісу ауданында жалпы ұзындығы 8,4 км жылу желілерін қайта жаңарту басталды. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде ескірген жылу желісін жаңарту жұмыстарына ерекше назар аударылатынын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Айнабұлақ-2 шағынауданында Қазыбаев, Серіков, Анғар, Мұқатай көшелері бойынша жалпы ұзындығы 5,9 км "Айнабұлақ" жылу магистралін қайта жаңарту жалғасуда. Қыркүйекте биыл жоспарланған 2,2 км жылу желілерін қайта құру аяқталып қалды. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 2,5 км Казаков және Бродский көшелеріндегі жылу магистраліне жөндеу жұмысы жүргізілуде, оның 1,1 км қыркүйектің соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда", - деді ол.

Екі жоба да 2024 жылы толығымен аяқталатынын айтты.

Колпаковский және Есенов көшелеріндегі жылу магистралінің учаскесі қайта жаңартылды. Бұл №143 мектепке тұрақты жылу беруді қамтамасыз етеді.