Алматыда Алатау ауданының жол инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда

26.07.2023 в 10:33

Осы мақсатта аудан әкімдігіне 500 млн теңге бөлінді

Алатау ауданының шағынаудандарының көшесі биылғы жылы жөндеумен қамтылады, осы мақсатта аудан әкімдігіне 500 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол қалалық ұтқырлық басқармасы 2023 жылдың шілдесінде ұзындығы 60 км 63 көшені қамтитын 12 шағынауданда орташа жөндеуді бастағанын хабарлады. Бүгінгі таңда шағынаудан бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Алғабас», «Қарасу» және Саин көшесінің бойында (Мөңке би көшесі мен ҮАК бойындағы көше арасында).

«Саин көшесінің бойында көлік қозғалысын 2023 жылдың соңына дейін ашу жоспарлануда. Мөңке би мен Ақын-Сара көшелерінің қиылысындағы жолайрығы бойынша 2023 жылдың соңына дейін барлық бағыт бойынша қозғалыс ашу жоспарлануда», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Алатау ауданындағы Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесінің жұмысы мен бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында 2023 жылдың соңына дейін 900-ден астам жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда.

Жарықтандырылмаған  көшелер бойынша ЖСҚ әзірленеді. 378 көше, аяқталу мерзімі биылғы жылы қыркүйек айының соңына дейін 2024 жылдың наурызына жоспарланған.

«Ауданда 18 жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыс барысында электр жетегі бар көтергіш механизмдер мен лифттерді күрделі жөндеу, бейнебақылау орнату, арбамен және велосипедпен түсу қондырғысы көзделген. Сондай-ақ 5 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыс биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Қаражат бөлінді», - деді Алматы әкімі.