Қаланың және Алматы агломерациясының инфрақұрылымына қауіп төнген жоқ – ТЖД

23.01.2024 в 10:34

Эпицентр шекаралас аумақта болды

Қаланың және Алматы агломерациясының инфрақұрылымына қауіп төнген жоқ, деп хабарлайды Аlmaty.tv қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Эпицентр жер бетіне әлдеқайда жақын болғандықтан, таралу аумағы кең болды. Эпицентр шекаралас аумақта, бұған дейін айтқанымыздай, ҚХР мен Қырғызстан аумағында болды. Географиялық жақындықты ескерсек, бұл шамамен 265 км. Сондықтан бұл сейсмикалық жағдайды қаламыздың тұрғындары сезді», - деді Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Спикер «бүгін түнде тіркелген 5 балды ескеріп, қаланың және Алматы агломерациясының инфрақұрылымына ешқандай қауіп жоқ» деп атап өтті.