Жалға алынған автотұрақтар «Алматы паркингіне» беріледі

13.04.2023 в 11:07

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты

Қала әкімі бүгін Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Ерболат Досаев қала атынан жалға алынған автотұрақтар «Алматы паркингіне» берілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғынның сұрағы:

Жетісу-2 шағынауданында 16 және 19 үйлердің арасында автотұрақ бар. Оған 10 жылдан астам уақыт болды және ол жерде тәртіпсіздік болып жатыр. Біз меншік иесінің кім екенін түсіне алмаймыз. Келісімшарттар да, фискалдық чектер де жоқ – олар ештеңе бермейді, жауапкершілік көтермейді, бірақ біз ай сайын ақша төлейміз. Жер жеке меншікте.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:

Біз мыналарды іске асырамыз: қала атынан жалға алынған автотұрақтардың астындағы жерлерді "Алматы паркингке"  береміз.  Қала атынан біз мынадай қызметтер көрсететін боламыз:  жиналған ақша Алматы бюджетіне  түсетін болады.

Сіздің жағдайыңызды біз анықтаймыз. Жер қатынастары басқармасы арқылы жердің мәртебесін анықтап, қалалық мобильділік басқармасынан не істеуге болатынын білеміз. Әрі қарай мынаны жасаймыз: мен Мемлекеттік кірістер департаментінен бизнесті тексеруге мораторий жариялағанына қарамастан, прокуратурамен салық төлеу мәселелерін пысықтауды және т.б. сұраймын.