Қоғамдық қауіпсіздік: Жетісу ауданында 597 бейнекамера орнатылады

10.11.2022 в 10:42

Сондай-ақ 85 "Сергек" орнатылады

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін адамдар көп жиналатын орындарда (білім беру объектілерінде – 263, аулаларда – 130, парктер/скверлерде – 152, жол қиылыстарында – 52) 597 бейнекамера орнатылады.

Сондай-ақ әкім қолданыстағы 490 камераға есептелген 86 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосымша 2023 жылдың I-тоқсанында 399 камераға арналған 85«Сергек» кешені орнатылатынын айтып өтті.

"Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін Жетісу ауданында камералардың санын 996 бірлікке дейін көбейтеміз", - деді мегаполис басшысы.