Алматыда инватакси саны 2 есе көбейді

26.08.2022 в 10:45

Инватакси ерекше қажеттіліктері бар 1,5 мың азаматқа қызмет көрсетеді

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Алдыңғы кездесудің қорытындысы бойынша ай сайын ерекше қажеттіліктері бар 1,5 мың азаматқа мегаполис шегінде қызмет көрсететін «Инватакси» қызметін қаржыландыру мәселесі қайта қаралды", - деді мегаполис басшысы.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, бұрын 46 автокөлік болған. Көліктің жетіспеуі көрсетілетін қызметтің сапасына әсер етті. Мәселені шешу үшін олардың саны 2 есеге, яғни 100 көлікке дейін көбейтілді.