Ерболат Досаев қиын жағдайда қалған зейнеткерге көмектесуге уәде берді

03.11.2022 в 11:01

Зейнеткер көршісінен қысым көріп жүрген көрінеді

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы халқымен кездесуінде жиналған тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуге көршісінен қысым көріп жүрген зейнеткер келді.

"Құрметті Ерболат балам, мен отыз алтыншы жылы туғанмын және тыл еңбегінің ардагерімін. Бұрын үй сатып алғанмын. Бір аулада 3 адам тұрамыз. Сол көршілерімнің бірі маған қысым көрсетіп, үйімнен қуып шықпақшы. Мен далада қалатын болдым. Мен 80-нен өтіп, 90-ға жеттім. Мен барлық жерде үкіметтің қорғауындамын. Енді біреу менің жерімді тартып алғалы отыр", - деді зейнеткер.

Қала әкімі бұл мәселені жауапсыз қалдырмайтынын жеткізді.

"Аудан әкіміне тапсырма беремін, бүгін жеке өзі барып көрсін. Одан кейін маған ұсыныс береді, мәселені шешудің жолын іздейміз. Уайымдамаңыз, сізді қалдырмаймын", - деді Досаев.