Алматыда қала күніне орай "Ашық аспандағы цирк" бірегей шоуы көрсетіледі

15.09.2022 в 11:01

Шоу 19:00-де басталады

16 қыркүйек күні қала күніне орай, Алматы циркі «Ашық аспандағы цирк» бірегей шоуын ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бағдарламада Халықаралық цирк өнері фестивалінің Гран-при иегерлері мен Алтын жүлдегерлері: арқанмен серуендеушілер, мачтадағы акробаттар, ерлік дөңгелегі, Nomad Stunts каскадерлері және цирк пен кино әртістерінің көптеген көрнекті қойылымдары көрсетіледі.

Уақыты: 19.00 

Орналасқан жері: Цирк алдындағы алаң.

Кештің арнайы қонағы – Нұрмұхаммед Жақып.