Бостандық ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша 10 спорт және ойын алаңы салынады

09.02.2023 в 11:12

Бұл туралы қала әкімі Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты

Бостандық ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша 10 спорт және ойын алаңы салынады. Бұл туралы қала әкімі Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Бостандық ауданының тұрғындары ауданды абаттандыруға атсалысып жатыр.

«Биыл «Халық қатысу бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардың өтінімі бойынша 17 жоба іріктелді. Ауданда 6 қоғамдық кеңістік, 10 спорт және ойын алаңы салынды, сонымен қатар, 1 жерасты контейнері алаңы орнатылды. 2022 жылы осы бағдарлама аясында 800 млн. теңгенің 21 жобасы іске асырылды»,  деді қала әкімі.