Бостандық ауданында су басатын 5 аумақ жойылды

09.02.2023 в 11:31

Қалған 10 учаске 2023 жылдың соңына дейін жөнделеді

Бостандық ауданында су басатын 5 аумақ жойылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл ауданда былтыр тұрақты су басатын 16 аумақ анықталған. Осы мәселені шешу үшін өткен жылдың желтоқсан айында су басуға бейім 6 аумақта ТЖ желісі бойынша жұмыстар басталған.

"Қазіргі таңда 913 метр арық желісін реконструкциялау және салу есебінен 5 учаске жойылды. Наурыз айының соңына дейін Тимирязев пен Айманов көшелерінің қиылысында тағы 1 аумақ жойылады. Қалған 10 учаске 2023 жылдың соңына дейін жөнделеді", – деді Ерболат Досаев.