Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездеседі

14.04.2022 в 08:28

Сәуір айы ішінде кестеге сәйкес аудан әкімдерінің халықпен 13 кездесуі өтеді

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 29 наурызда қала мәслихатының шешімімен Алматы қаласы әкімінің (тоқсан ішінде 8 кездесу) және аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінің жылдық күнтізбесі (ай сайын 1 кездесуден) бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жылдық күнтізбе бойынша жылдың соңына дейін барлығы кем дегенде 48 кездесуге дейін өткізу қарастырылған (24 – қала әкімі, 24 – аудан әкімі).

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуі 14 сәуірде сағат 15.00-де Абай даңғылы, 90 мекенжайда орналасқан Бас жоспардың ғимаратында өтеді.

Сәуір айы ішінде кестеге сәйкес аудан әкімдерінің халықпен 13 кездесуі өтеді.

                       Алматы қаласы аудандары әкімдерінің халықпен кездесуінің кестесі