Алматыда тағы екі жер сілкінісі болды

23.01.2024 в 11:34

Оны да алматылықтар 2 балл көлемінде сезді

Алматыда бүгін таңертең бірінен соң бірі тағы екі жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Бірінші зілзала таңғы сағат 09:52 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.5. MPV магнитудасы — 5.2.

Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.

Екіншісі де таңғы 10:01 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.9. MPV магнитудасы — 5.3.

Оны да алматылықтар 2 балл көлемінде сезді.