Музыкалық тарту: Алматылық полицейлер мерекеге орай бейнеклип түсірді

01.05.2022 в 11:37

Алматылық полицейлер Қазақстан халқының бірлігі күніне орай түрлі ұлттың әнін шырқады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қалалық Полиция департаменті ансамблінің солистері дәстүрлі түрде халықаралық репертуарларын жыл сайын жаңартып, тыңдармандарына ұсынады.

Бұл жолы олар қазақ, грек, татар, орыс және өзбек шығармаларын орындады.