Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездеседі

19.04.2023 в 19:52

20 сәуірде сағат 9:00-де өтеді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

2023 жылдың 20 сәуірінде сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі Розыбакиев көшесі, 227 мекенжайдағы Almaty Management University ғимаратында өтеді.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Бостандық әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.