Сайран көлінің аумағын реконструкциялау қашан басталады

26.01.2023 в 11:40

1971 жылдан бастап, яғни су қоймасы салынғаннан бері мұнда реконструкциялау және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмеген

26 қаңтарда Алматы әкімі Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Сайран көлінің түбін шөгінділерден механикалық тазарту жұмыстарын бастауды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерболат Досаев Сайран көлі Әуезов ауданының тұрғындары үшін, сондай-ақ бүкіл Алматы қаласы үшін ерекше орын болып табылатынын атап өтті.

"1971 жылдан бастап, яғни су қоймасы салынғаннан бері мұнда реконструкциялау және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмеген. Біз осы жылдың ақпан айында Сайран көлінің түбін (ауданы  50 га) шөгінділерден механикалық тазарту жұмысын бастауды көздеп отырмыз. Бұл жұмыстарды   2023 жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған", – деді қала әкімі.

Оның айтуынша, биыл наурыз айында жобалау-сметалық құжаттамасы  әзірленіп, сараптама шыққаннан кейін, 2023 жылдың III тоқсанында конкурстық рәсімдер аяқталған соң Сайран көлінің аумағын реконструкциялауды және абаттандыруды бастайды.