2023 жылы бейнежүйенің көмегімен қанша қылмыс ашылды

21.12.2023 в 12:06

Алматыда 138 875 бейнебақылау камерасы бар

Алматы қаласының Полиция департаменті мәліметінше жыл басынан бері қалада бейнебақылау жүйесінің көмегімен 2 мың 718 қылмыс ашылып, 1 миллион 597 мың 191 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Алматыда барлығы 138 мың 875 бейнебақылау камерасы:

- «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша оның 5 мың 752-сі көпқабатты үйлерге орнатылды;

- қала жолдарында 9 мың 657;

- білім беру нысандарында 19 мың 078;

- денсаулық сақтау нысандарында 3 мың 071;

- спорт нысандарында 1 мың 932;

- қоғамдық орындарда 1 мың 746;

- әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде 91 мың 744;

- Метрополитенде және қоғамдық көліктерде 1 мың 337 бар.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: ТЖД ескертеді: Богданович мұздығына бару қауіпті