Алматыда жолайрықтар мен жаяу жүргіншілер өткелінің жағдайы қандай

05.03.2024 в 11:08

Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы айтып берді

Алматы қалалық мобильділік басқармасында жер сілкінісінен кейін мамандар 36 жолайрығы мен көпірге, 45-тен астам жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне визуальды тексерулер жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Еш зақым анықталған жоқ. Сонымен қатар көпірлер мен өткелдерді егжей - тегжейлі зерттеу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматы аудандарының әкімі ақпанда көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді