Коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне байланысты кімге өтемақы төленеді

15.08.2023 в 12:09

Қазіргі уақытта қалада ХӘОТ санатына жататын 315 430 азамат тұрады

Алматы мәслихаты коммуналдық қызметтерге тарифтің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекітті және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін өтемақы мөлшерін белгіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қағидалар Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы аясында коммуналдық қызметтерге тарифтің өсуіне байланысты әзірленді.

Қазіргі уақытта қалада ХӘОТ санатына жататын 315 430 азамат тұрады, оның ішінде: жасы бойынша 237 740 зейнеткер, 35 562 көпбалалы ана және көпбалалы отбасы, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар 28 433 адам, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 8 591 отбасы, мемлекеттік мекемелерді орындау кезінде қаза тапқан адамдардың 534 отбасы, ҰОС 54 ардагері, басқа мемлекеттер аумағындағы 2 987 жауынгерлік іс-қимыл ардагері, сонымен қатар, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 1 538 адам.

Коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты өтемақы ХӘОТ өтініші бойынша 2023 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін ай сайын 0,5 АЕК (1725 теңге) мөлшерінде төленеді. Бұл сома сумен жабдықтау, су бұру, газ, жылыту және т.б. қосқанда, 12 қызмет бойынша тарифтердің өсуін жабады.

ХӘОТ санатына жататын тұлғаларға өтемақы ресімдеу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе әлеуметтік қызметтер үйіне өтінішпен жүгіну қажет.

Мүгедектігі бар адамдар Е-gov электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.

Өтініш қаралып, оң шешім қабылданғаннан кейін төлемдер өтініш берушілердің екінші деңгейдегі банктердегі шотына түседі.